«Оқ тигендей құлап қалды». «Фенербахче» Моуриньо мен Бурук арасындағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Фенербахче» команда бапкері Жозе Моуриньоның «Галатасарай» жатттықтырушысы Окан Бурукқа қатысты әрекеті туралы ресми мәлімдеме жасады.
«Фенербахче» мен «Галатасарай» арасындағы Түркия Кубогының ширек финалдық матчының (1:2) соңғы ысқырығынан кейін Жозе Моуриньо Окан Буруктың мұрнын қысқан соң, түрік маманы алаңға құлап түсті.
Клуб сайты Бурукты арандатушылық жасады деп айыптап, түрік маманының тым асыра сілтегенін және «оқ тигендей» алаңға құлағанын айтты. Сондай-ақ клуб португалдық бапкердің жазалауымен келіспейтінін білдірді.
Бұған дейін «Галатасарай» бұл эпизодқа деген көзқарасын Моуриньоның психиатриялық ауруханаға түскені туралы әзіл-оспақ видео жариялау арқылы көрсеткен болатын.