locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» жеңіс құпиясын ашты

«Тобыл» бапкерінің финалдан кейінгі пікірі
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Нұрбол Жұмасқалиев «Тобылдың» жеңіс құпиясын ашты
ФОТО: Тобыл ФК

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан Кубогының финалынан кейін әсерімен бөлісті. Оның шәкірттері Шымкенттің «Ордабасысын» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, клуб тарихындағы үшінші Кубокты бас көтеріп алды.

Маманның айтуынша, жеңістің кілті – ойыншылардың тәртібі мен шешуші сәттерде көрсеткен төзімділігі болды:

«Ойын өте тартысты өтті. Жігіттерге алғыс айтамын. Футболда түрлі жағдайлар кездеседі: алғашқы таймда біз мүмкіндіктерді жақсы пайдаланып, 2:0 есебімен алға шықтық. Екінші таймда да шабуылдар болды – әрі бізде, әрі қарсыласта. Дегенмен ең бастысы – біз жеңіске жеттік»,- деді Жұмасқалиев.

Еске салайық, финалдың тағдыры алғашқы таймда шешілді. Асхат Тағыбергеннің шебер пасынан кейін Сигневич есеп ашып, көп ұзамай Чесноков есепті еселеді. Қалған уақытта қостанайлықтар басымдығын сақтап, Кубокқа қол жеткізді.

Бұл жеңіс «Тобыл» тарихындағы үшінші Қазақстан Кубогы болып тіркелді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie