locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нико Пас «Реалға» оралу үшін «Арсеналдан», «Ман Ситиден» және «Челсиден» бас тартты

Мадридтік клуб жартылай қорғаушыны қайта сатып алып, оған негізгі рөл беруді жоспарлап отыр
ФОТО: gettyimages.com

«Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пас мадридтік «Реалға» қайта оралуға жақын. Бұл туралы Caught Offside хабарлады.

Ақпарат көзінің мәліметінше, 21 жастағы жартылай қорғаушыға «Челси», «Арсенал» және «Манчестер Сити» қызығушылық білдірген. Алайда ойыншының өзі мансабын жалғастыру үшін жалғыз ғана нұсқаны қарастырып отырғанын, яғни испандық алпауытқа қайта оралуға ниетті екенін айтқан.

Белгілі болғандай, «Реал» жазғы трансфер терезесінде кері сатып алу опциясын пайдаланбақшы. Бұған дейін мәміле сомасы шамамен 9 миллион еуроны құрайтыны хабарланған.

Мадридтік клуб Пасқа негізгі құрам ойыншыларының бірі ретінде сенім артып, оны «әлемдік футболдың болашақ супержұлдызы» деп санайды.

Нико Пас 2016 жылдан 2024 жылға дейін «Реал» жүйесінде болды, содан кейін «Комоға» ауысты. Ағымдағы маусымда ол барлық турнирлерде 33 матч өткізіп, 11 гол және алты нәтижелі пас берді. Transfermarkt деректері бойынша, оның нарықтық құны 65 миллион еуроны құрайды.

ФОТО: gettyimages.com
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie