Никита Степанов Атыраудың өз мансабынағы орны жайлы пікір білдірді
Белорусиялық қорғаушы Брестің "Динамо" клубы ойыншысы Никита Степанов өз мансабының "Атырау" клубындағы кезеңі туралы Tribuna.com басылымына пікір білдірді.
— "Атырау" клубындағы мансабыңды қалай қорытындылайсың?
— Мен үлкен тәжірибе жинадым, жақсы бапкерлік құраммен, тәжірибелі легионерлермен, мықты қазақстандық футболшылармен жұмыс істедім. Бұл үлкен тәжірибе болды, және менің ойымша, бұл мені мықты ете түсті.
— Саша Нойок "Атырау" клубында сенімен бірге ойнады. Брестке ауысуың туралы онымен әлі сөйлеспедің бе?
— Жоқ, әзірге құпия сақтадым. Үмітім бар, ол үшін де менің осында болғаным қуанышты жаңалық болады. Өйткені өткен жылы біз Бресттің "Динамо" командасы туралы сөйлесіп, ол маған команда, база және алаңдар туралы көп нәрсе айтты. Сондықтан оның сөздері мені осы қадамды жасауға тезірек шешім қабылдауға ықпал етті, — деді Степанов.
Айта кетсек, Степанов Бресттің "Динамо" клубымен келісімшарт жасады. Келісім 2026 маусымының соңына дейін.