locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймардың Интер Майами клубына ауысу мерзімі белгілі болды

Неймардың Интер Майами клубына ауысу мерзімі белгілі болды
ФОТО: gettyimages.com

"Аль-Хиляль" шабуылшысы Неймар сауд Арабиялық клубтан кетуі мүмкін.

Goal басылымының мәліметінше, бразилиялық шабуылшы бұрынғы командаластары Луис Суарес пен Лионель Мессимен қайта қосылуды ойластыруда. "Интер Майами" Неймарды АҚШ-тағы жаңа маусым басталғанға дейін, қаңтарда шақыруды немесе 2025 жылдың жазында өтетін клубтық әлем чемпионаты аяқталғанша күтуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Неймар соңғы жарақатынан толық айыққаны хабарланған еді. Ол осы маусымда екі ойын өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ. "Аль-Хиляльмен" келісімшарты маусым соңында аяқталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie