Неймарды алда не күтеді: Еуропа, әлде АҚШ?
Неймар 12 жылдан кейін өзінің туған жері “Сантосқа” оралды. Сауд Арабиясының "Әл-Хилялдағы" мансабы жарқырай қоймады, ал Бразилияда оны бәрі асыңа күтті. Мүмкіндік пайда болғаннан кейін, "Сантос" Неймарды еркін агент ретінде алып, онымен 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырды.
Cadena SER ойыншы әлі де Еуропаға, атап айтқанда топ-лигаға оралуды жоспарлап отырғанын хабарлайды. Дәл осы мақсатта ол мансабын қайта бастау және ең жақсы футболды көрсету үшін “Сантосқа” ауысты. Барлық ықтимал ұсыныстардың ішінде ол ойланбастан қабылдайтын бір нәрсе бар — ол "Барселонадан". Бірақ әзірге Неймар тіпті Бразилияда да жақсы ойнай алмауда.
“Сантос” сапында үш ойын өткізіп үлгерді. Үш ойында да жақсы нәтижемен көзге түсе қоймады. Екі тең ойын, бір жеңіліс.
Журналист Хосе Альварес Хая "Барселона" Неймардың оралуына мүдделі емес екенін айтты. Бразилиялықтың тағы бір әдемі оралуы екіталай. Бірақ Неймар – Суарес – Месси үштігін қайтадан көруге мүмкіндік бар. Хаяның хабарлауынша, "Интер Майами" әлі де бразилиялықтың қол қою нұсқасын қарастыруда, әсіресе АҚШ-тағы алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатын ескере отырып.
Неймар өзінің формасын қалпына келтіру үшін қанша уақыт кететінін айтты