locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неймарға Чемпиондар лигасында ойнайтын клубтар қызығушылық танытуда

Футболшының әкесі ұлының болашағы туралы айтты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Неймарға Чемпиондар лигасында ойнайтын клубтар қызығушылық танытуда
ФОТО: Getty Images

«Сантос» клубының жартылай қорғаушысы Неймардың әкесі әрі агенті Неймар да Силва ұлының болашағына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Еуропаның бірнеше клубы бразилиялық ойыншыға қызығушылық танытып отыр. Неймардың қазіргі келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

«Оның «Сантоста» қалуы ықтимал – бұл нұсқа да қарастырылып жатыр. Мен бұл бағытта жұмыс істеп жатырмын. Бірақ басқа клубтардың ұсыныстарын тыңдауға да міндеттіміз.

Осы аптада Майамиге барып, клуб өкілдерімен сөйлесеміз. Олардың ұсыныстарын тыңдап, не істеу керегін шешеміз. Иә, Еуропаның кейбір клубтарынан нақты ұсыныстар бар. Кейбірі – Чемпиондар лигасына қатысатын командалар. Олар оның әлі де жоғары деңгейде ойнай алатынын біледі. Дегенмен, Бразилия нарығы да әлі өзекті», – деді Неймардың әкесі L’Équipe-ке берген сұхбатында.

Винисиусқа жасалған нәсілшіл әрекет үшін жанкүйерлер шартты жаза алды - Мадрид сотының үкімі шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie