Негізгі қақпашысыз? «Елімай» мен «Ақтөбе» негізгі құрамын жариялады
«Елімай» мен «Ақтөбе» негізгі құрамдарын жариялады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Елімай ФК
Бүгін кешке Семейдегі «Спартак» стадионында нағыз тартысты футбол күтіп тұр. ҚПЛ турнирлік кестесінде бір-бірін өкшелеп келе жатқан екі команда – «Елімай» мен «Ақтөбе» – кезекті мәрте бетпе-бет келеді. Қазіргі таңда алаң иелері 29 ұпаймен бесінші орында, ал ақтөбеліктер 33 ұпай және бір ойыны қорда болып, төртінші сатыда тұр.
«Елімайдың» құрамы:
Коваль, Ролон, Одеоибо, Беланчич, Чаласан, Адамбаев, Төлеубай, Оразов, Плакка, Кенжебек, Свиридов.
«Ақтөбенің» құрамы:
Трофимец, Вэтэжелу, Анджелкович, Кусяпов, Танжариков, Агбо, Корзун, Жуков, Жайро, Соса, Умаев.
Кездесу Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.