locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Не боп қалды? Хусанов Мадридке Реалмен матчқа түнде командадан бөлек келді

Футбол
Тимур Салимов
Тимур Салимов
Редактор
Не боп қалды? Хусанов Мадридке Реалмен матчқа түнде командадан бөлек келді
Не боп қалды? Хусанов Мадридке Реалмен матчқа түнде командадан бөлек келді

"Манчестер Ситидің»" қорғаушысы Абдуқодир Хусанов Мадридке Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Реалға" қарсы қарымта ойынына өз командасынан бөлек келді, деп хабарлайды Besoccer.

20 жастағы ойыншы матчтың басталуына бір тәуліктен аз уақыт қалғанда, 19 ақпанға қараған түні сағат 12:40-та "қалалықтар" тұрған қонақүйге келген. Абдуқодирдің денсаулығында ақау жоқ екені хабарланды. Оның Испания астанасына кеш келуі виза мәселесіне байланысты болды.

Айта кетейік, бірінші ойында мадридтік "Реал" сырт алаңда "Манчестер Ситиді" 3:2 есебімен ұтқан болатын. Қарымта кездесу 20 ақпан күні Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie