Наурызбек Жагоров: Енді тек жақсы ойнап, нәтижеге қол жеткізу ғана қалды
Қазақстан құрамасының жартылайқорғаушысы ұлттық командадағы алғашқы әсерімен бөлісті
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ҚФФ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы матч қарсаңында ұлттық құрамаға қалай бейімделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды BorodAbata.kz.
«Ұлттық құрамадағы бейімделу жақсы өтті, мен бірінші ойынымды өткіздім. Ақпан айында бапкерлер штабы жас футболшыларды жинаған кезде Әли Ханәліұлымен жұмыс істеу мүмкіндігі болды. Енді тек жақсы ойнап, нәтижеге қол жеткізу ғана қалды», - деді Жагоров.
Наурызбек Жагоров Қазақстан құрамасындағы алғашқы ойынын 2025 жылдың наурызында Лихтенштейнге қарсы (2:0) өткізді.
Карлос Алос: Қазақстанмен жақсы матч күтіп тұр.