Наполи Виктор Осимхеннен тезірек құтылғысы келеді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Нигерия ұлттық құрамасы мен "Наполи" ойыншысы Виктор Осимхен клубтан кетеді.
Бұл жөнінде италиялық клубтың спорт директоры мәлімдеме жасады:
"Осимхеннің келісімшартында өтемақы құны бекітілген. Біз өткен жаздағы жағдайды қайталамас үшін мейлінше тезірек әрекет ететін боламыз",– дейді "Наполидің" спорт директоры Джованни Манна.
Айта кетейік, өткен жылғы жазғы трансфер кезінде италиялық клуб пен шабуылшы арасында түсініспеушілік болған еді. Сол жайттан кейін клуб ойыншыға ренішін білдіріп, оны түркиялық "Галатасарай" клубына жалға жіберген болатын.
Түркиялық клуб сапында 26 жастағы форвард осы маусымда 26 матчта 20 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін, "Манчестер Юнайтед" клубының нигериялық шабуылшыға қызығып отқаны белгілі болды.