«Наполи» Конте болашағына қатысты тосын мәлімдеме жасады
Бапкер командамен бірге емес кезде
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Халықаралық үзіліс басталғанда, «Наполи» құрамында көп ойыншы ұлттық құрамаларға кеткендіктен, шектеулі құраммен жаттығуда. Алайда клуб базасында журналистер команданың бас бапкері Антонио Контені байқамады, бұл түрлі қауесеттерге себеп болып, клубтың арнайы мәлімдеме жасауына түрткі болды.
Неапольдік клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, бапкердің жаттығуда болмауы оның 17 қарашаға дейін жеке шаруаларымен кеткеніне байланысты. Контенің «Наполиден» кетуі біраз уақыт бұрын жоспарланған еді.
Қазіргі таңда Италия чемпионын бапкер көмекшісі Кристиан Стеллини мен Конте штабының өзге мүшелері басқаруда. Бұған дейін «Наполи» президенті Аурелио Де Лаурентис бапкердің отставкасы туралы қауесеттерді үзілді-кесілді жоққа шығарған болатын.