«Наполи» Грилишке қызығушылық танытты, бірақ оның жалақысын толық төлеуге дайын емес
Итальяндық клуб жалға алуды қарастыруда
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
«Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Джек Грилишке италиялық «Наполи» қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды The Telegraph.
Дегенмен, неапольдік клуб ойыншының аптасына 300 мың фунт көлеміндегі толық жалақысын өз мойнына алуға ниетті емес екенін ашық айтқан.
Бұған дейін «Сити» Грилиштің трансферлік құнын 50 миллион фунтқа бағалағаны хабарланған еді, бірақ әзірге ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ.
Ағылшын клубы футболшыға қызығушылық танытатын командалар жақын арада пайда болады деп үміттенеді. Алайда кей сарапшылар Грилиштің жалға берілу ықтималдығы әлдеқайда жоғары екенін айтуда.
«Наполи» Лукакуды алмастыратын ойыншы ретінде Лукканы көздеп отыр.