locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нағыз дерби. Эль-Класико жаппай төбелеспен аяқталды

Ойын соңында алаңда жанжал шықты
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Нағыз дерби. Эль-Класико жаппай төбелеспен аяқталды
ФОТО: Getty Images

Эль-Класико аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Барселонаны» қабылдады. «Корольдік клуб» 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Компенсациялық уақыттың соңғы минуттарында алаңда жанжал басталды. Педри Эдуардо Камавингаға дөрекі ойнағаны үшін бірден қызыл қағаз алып, осыдан кейін қос команданың ойыншылары арасында шағын төбелес орын алды. Бұл жанжалға қосалқы құрамдағы футболшылар да араласты.

Айта кетейік, «сливочныйларға» жеңіс сыйлаған голдарды Килиан Мбаппе мен Джуд Беллингем соқты.

«Реал» 27 ұпаймен Ла Лиганың көшін бастап тұр. «Барселона» 22 ұпаймен екінші орында.

Айта кететін тағы бір жайт, Винисиус Жуниор ауыстырылғанына қатты ренжіп, Хаби Алонсоға қолын бермеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie