МЮ-дің қайта оралуы: «Манчестер Юнайтед» АПЛ-дегі барлық командалар арасында ең үздік шабуыл көрсеткіштеріне ие
Рубен Аморимнің командасы қарсыластарынан шабуылда артық
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Манчестер Юнайтед» ағылшын Премьер-лигасындағы шабуыл әрекеттері бойынша үздік команда болып табылады. Бұл туралы WhoScored хабарлайды.
«МЮ» АПЛ-де күтілетін голдар саны бойынша (29,85), орташа бір ойындағы соққылар (16,1), қақпаға дәл соққылар (5,5) және жасалған қауіпті сәттер (12,1) бойынша бірінші орында тұр.
Сонымен қатар, манкуниандықтардың капитаны Бруну Фернандеш соңғы алты матчтың қорытындысы бойынша WhoScored нұсқасы бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды – «МЮ» көшбасшысы өз өнері үшін 7,94 ұпай алды.
Дәл осы уақытта «Юнайтедтің» көршілері – «Манчестер Сити» де АПЛ-де бірнеше көрсеткіш бойынша көш бастап тұр.