locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мудрикті дисквалификациядан бөлек, сот та күтіп тұр — сарапшы «Челси» клубының әрекетін түсіндірді

Саймон Лифтың айтуынша, егер футболшының кінәсі дәлелденсе, клуб келісімшартты бұзып, сотқа арыз түсіруі мүмкін
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Ағылшын спорт заңгері Саймон Лиф inews.co.uk порталына берген пікірінде Михаил Мудрикке қатысты туындаған жағдайдың құқықтық салдарын түсіндірді. 18 маусымда Англия футбол қауымдастығы (FA) украиналық футболшыны допинг қолданды деген айып тақты. Егер бұл факт расталса, «Челси» клубы келісімшартты бұзып қана қоймай, материалдық шығынды өтеуді де талап ете алады.

«Күткендей-ақ, егер Мудрик өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылса, «Челси» бұл жағдайды еңбек тәртібін өрескел бұзу деп бағалап, оның келісімшартын бұзуға толық құқылы болады. Сонымен қатар клуб Мудрикке келген шығынды өтеу үшін сотқа шағымдануы да мүмкін», — деді Лиф.

Мудрикте FA тарапынан тағылған айыптауларға жауап беру үшін 20 күн уақыт болды. Бұл жағдай оның мансабы мен «Челсимен» арадағы келісімшартына тікелей әсер етуі мүмкін.

Данил Анкудинов Сегундада ойнайды — қазақстандық шабуылшы Испанияның жоғарғы лигасына бір қадам жақындады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie