Моуринью Италия чемпиондарын таңғалдырды. «Бенфика» ЛЧ-де «Наполиді» жеңді
Ричард Риос пен Леандру Баррейру Неаполь қонақтарын нокаутқа жіберді
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Бенфика» UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 6-турында өз алаңында «Наполиді» қабылдады.
Лиссабонға сапар Италия чемпиондары үшін өте сәтсіз аяқталды. Неаполь қонақтарының қақпасына әр таймда бір-бірден гол соғылды.
Есепті матчтың 20-минутында Ричард Риос ашты. Ал екінші таймның басында Леандру Баррейру алаң иелерінің басымдығын екі есеге арттырды. Неаполитандықтар жауап қайтара алмады.
Жозе Моуринью командасы жалпы кезеңде алты ұпай жинады. «Наполидің» еншісінде жеті ұпай қалды.
Чемпиондар лигасы, жалпы кезең
6-тур
«Бенфика» – «Наполи» – 2:0
Голдар: Риос, 20, Баррейру, 49