locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моуринью «Фенербахче» клубының бас бапкері қызметінен босатылды

Португалиялық маман жаңа команда іздейді
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Моуринью «Фенербахче» клубының бас бапкері қызметінен босатылды
ФОТО: Getty Images

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью енді Ыстамбұлдың «Фенербахче» командасының тізгінін ұстамайды.

«2024/25 маусымынан бастап кәсіби футбол командамыздың бас бапкері болған Жозе Моуриньюмен қош айтыстық. Командаға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз және алдағы мансабына сәттілік тілейміз», – деп хабарлады «сары канарейкалардың» баспасөз қызметі.

«Особенный» 2024 жылы Ыстамбұлдық клубқа бас бапкер болып тағайындалған еді.

Жаңа маусымда Жозенің жетекшілігімен «Фенербахче» Түркия Суперлигасының алғашқы екі турында 4 ұпай жинады. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «сары канарейкалар» алдымен «Фейеноордтан» басым түсті, алайда «Бенфикадан» өте алмады.

Бұған дейін «Бешикташ» клубы Уле-Гуннар Сульшердің бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie