Моуринью командасы Чемпиондар лигасына жолдама ала алмады
Енді Фенербахче Еуропа лигасында өнер көрсетеді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty Images
Жозе Моуринью бастаған Стамбул Фенербахче клубы қарымта кездесуде Лиссабон Бенфикасынан 0:1 есебімен жеңіліп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өте алмады.
Жалғыз голды матчтың 35-минутында Ақтүркоғлу соқты. Енді Моуринью шәкірттері Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Ал «Бенфика» топтық кезеңге өтеді, «Алматы Қайрат» да тарихта алғаш рет ойнайды.
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында Стамбул Фенербахче мен Лиссабон Бенфика голсыз 0:0 есебімен тең түсті.
«Бенфика» (Португалия) – «Фенербахче» (Түркия) – 1:0 (1:0).
Гол: Ақтүркоғлу, 35 (1:0).
Бірінші матчтың нәтижесі 0:0.