locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Модрич «Реал» Мадридтегі 13 жылдағы сүйікті естелігін атады

Хорват Еуропадағы керемет үстемдіктің дәл осы сәттен басталғанына сенімді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Модрич «Реал» Мадридтегі 13 жылдағы сүйікті естелігін атады
ФОТО: Getty images

«Реалдың» аңызға айналған жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік клубтан кеткеннен кейін, бұл командадағы мансабындағы ең маңызды сәтті атап өтті.

— Бір ғана сәтті бөліп айту қиын. Бұл жерде мен көптеген керемет сәттерді бастан өткердім. Бірақ осындай сұрақтарға жауап берерде әрдайым «Ла Десима» есіме түседі. Себебі сол сәттен бәрі басталды. Ол соңғы 12-13 жылдағы ғаламат үстемдіктің бастауы болды. Біз 10 жылдың ішінде 6 рет Чемпиондар лигасын жеңіп алдық. Бұл — таңғаларлық жетістік, ал «Десиманы» жеңіп алған кезіміз «Реал Мадридтің» кім екенін айқын көрсетеді, – деді Модрич.

Ла Десима - 2014 жылы Реал Мадридтің қосымша уақыттан кейін финалда Атлетико Мадридті жеңіп алған Чемпиондар Лигасының оныншы титулы. Финалдың шешуші сәті Серхио Рамостың 90+3-ші минутта Лука Модричтің пасынан соққан голы матчтың қосымша уақытына ұласты.

Клубтық әлем чемпионатынан кейін Лука Модрич «корольдік клубпен» қоштасып, еркін агент ретінде Италияның «Милан» командасына ауысты.

Модрич «ақтар» тарихындағы ең көп жүлде алған және аты аңызға айналған ойыншы ретінде кетіп бара жатыр. Ол «Реалдың» құрамында 2012 жылдан бері өнер көрсетті. Хорватиялық футболшы мадридтік клуб үшін 597 матч өткізіп, 28 трофейге қол жеткізді, оның ішінде алты рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды — бұл клуб тарихындағы ең үздік нәтиже.

Бұған қоса, Модрич мансабында ең көп матч өткізген футболшылардың ондығына кіреді. 39 жастағы жартылай қорғаушының еншісінде 1 114 кездесу бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie