Үміт сөнді. Барселона Фатиді клубтан кетуге көндіре алды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
“Жаңа Месси” болуға үміттенген “Барселонаның” түлегі Ансу Фати жазғы трансферлік терезеде клубтан кетуі мүмкін.
Sport басылымының хабарлауынша, “Барселона” футболшыны клубтан кетуге көндіре алды. 22 жастағы футболшыға Таяу Шығыста ұсыныстар бар, атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Катар клубтары оған қызығушылық танытуда.
Бұған дейін каталондықтардың бас бапкері Ханс-Дитер Флик Фатиге үміттенбейтінін және оны қысқы трансферлік терезеде жіберуге дайын екенін айтқан болатын, бірақ ойыншы өз клубында қалуды ұйғарған.
Осы маусымда Фати “Барселона” сапында барлық жарыстарда 8 ойын өткізіп, бірде-бір гол соққан жоқ.