Мирзад Механович қазақ пен өзбек менталитетінің ұқсастығы туралы айтты
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
"Ордабасы" клубының бұрынғы ойыншысы, жақында "Андижан" клубына ауысқан Мирзад Механович өз ауысымын түсіндірді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
"Біздің клубтың жанкүйерлері Узбекистандағы ең жақсы деп естідім. Бұл мүмкіндікті пайдаланып, оларға сәлем жолдаймын.
Шын мәнінде, бұл мен үшін жаңа сын. Мен қазақ менталитетімен сәл таныс болдым, сондықтан қазір орыс тілінде ойымды білдіріп отырмын. Өзбек менталитетін түсінетініме сенімдімін. Қазақтар мен өзбектер бір-біріне өте жақын, олардың өмір салты да ұқсас. Бұл Балқанда босниктер, сербтер мен хорваттарға ұқсайды. Өзбек жерінде маған еш қиындық болмайтынына сенемін."