Минус ондаған миллион. «Қайратпен» матч «Реал» бразилиялықтарының трансферлік құнына соққы жасады
Алматыдағы тарихи кездесу – «Кайрат» пен мадридтік «Реалдың» ЧЛ-дағы ойыны – футболшылардың нарықтық бағасы қайта қаралған Transfermarkt жаңаруымен тұспа-тұс келді. Бұл жолы өзгерістер испан алпауытының бразилиялық шабуылшыларына оң әсерін тигізген жоқ.
«Реалдың» басты шабуыл қаруы саналатын Винисиус Жуниордың бағасы бірден 20 миллион еуроға төмендеп, қазір 150 миллионға бағаланып отыр. Ал жақында ғана ол әлемдегі ең қымбат ойыншылардың қатарында еді.
Тағы бір бразилиялық шабуылшы Родриго да бағасын жоғалтты. Оның трансферлік құны 90 миллионнан 80 миллион еуроға дейін түсіп кетті.
Дегенмен, қос футболшы да әлі күнге дейін «Реалдың» шабуылдағы негізгі күштері болып қала бермек. Оның үстіне, Винисиус өзінің деңгейін бірден дәлелдеді: Ла Лиганың соңғы турында «Вильярреалға» қос гол соғып, әлемдік деңгейдегі шебер екенін тағы бір мәрте көрсетті.