locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Минимум ұпай, максималды нәтиже! Танзания Африка ұлттар кубогы тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді

Танзания Африка ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне небәрі екі ұпаймен шыққан алғашқы команда атанды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Минимум ұпай, максималды нәтиже! Танзания Африка ұлттар кубогы тарихында ерекше жетістікке қол жеткізді
ФОТО: x.com/brfootball

Танзания құрамасы өз атын Африка ұлттар кубогы тарихына алтын әріппен жазды.

Африка ұлттар кубогының топтық кезеңінің үшінші турында танзаниялықтар Тунистің құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, екі ұпай жинады және турнир плей-оффына алғаш рет жолдама алды.

Opta деректері бойынша, бұл жетістік бұрын-соңды болмаған: 2019 жылы Африка ұлттар кубогында үздік үшінші орын алған командаларға плей-оффқа шығуға мүмкіндік беретін жаңа формат енгізілгеннен бері, Танзания екі ұпаймен келесі кезеңге өткен алғашқы команда болды.

Айта кетейік, Нигерия C тобынан барлық матчта жеңіске жетіп, жүз пайыздық көрсеткішпен бірінші орын иеленді. Тунис төрт ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Уганда бір ғана ұпаймен топты аяқтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie