locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Міне, тосын жағдай. Войцех Щенсный Мбаппеден пенальтиді қайтарды!

Поляк ардагері әлі де үздіктер қатарында
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Эль-Класико аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Барселонаны» қабылдауда. Бірінші таймнан кейін алаң иелері 2:1 есебімен алда.

52-минутта «бланкос» басымдығын екі допқа жеткізуге тамаша мүмкіндік алды: төреші Эрик Гарсияның қол ойыны үшін пенальти белгіледі. Алайда Килиан Мбаппе 11 метрлік нүктеден Войцех Щенсныйды алдай алмады.

Айта кетейік, Класиконың 2-минутында-ақ дау тудырған сәт болды: Винисиус айып алаңына өтіп, Ламин Ямалмен қақтығыстан кейін құлады.

«Реал» ойыншылары бірден пенальти сұрады, алайда төреші VAR жүйесіне жүгінді. Қайталап қарағаннан кейін арбитр ереже бұзушылық болмады деп шешіп, 11 метрлік айып добын белгілемеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie