locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Минасян КПЛ-ге орала ма? Тәжірибелі бапкер «Каспиймен» келіссөздер жүргізіп жатқанын растады

Армениялық маман бірден бірнеше клубпен байланысып жүргенін, олардың ішінде екі қазақстандық клуб бар екенін айтты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Минасян КПЛ-ге орала ма? Тәжірибелі бапкер «Каспиймен» келіссөздер жүргізіп жатқанын растады
ФОТО: Getty Images

51 жастағы армениялық бапкер Вардан Минасян өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған Ақтаудың «Каспий» клубының тізгінін ұстау мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Маман әзірге нақты шешім жоқ екенін, бірақ Ақтау клубымен байланыста екенін растады.

«Әзірге ештеңе анық емес. Тек әңгіме жүріп жатыр. Мен бірқатар командалармен сөйлесіп жүрмін, олардың ішінде Қазақстанның екі клубы, соның ішінде «Каспий» де бар», – деді Минасян Legalbet.kz сайтына берген сұқбатында.

Вардан Минасян қазақстандық футболға жақсы таныс: бұған дейін ол «Тобол» мен «Тараз» командаларын басқарған. Сонымен қатар, маманның жұмыс тәжірибесінде Армения құрамасы, «Пюник», «Арарат-Армения» клубтары және грузиялық «Телави» бар.

Мансабында ол алты рет Арменияның үздік бапкері атанып, бес рет командаларын ұлттық біріншілікте чемпиондыққа жеткізген.

Сондай-ақ Тимур Кападзе «Навбахордың» бас бапкері атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie