locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Миллиондар бәрін шешпей ме? Жас Сәтпаев «Челсидің» жаңа ойыншысынан көрсеткіш жағынан озды

16 жастағы Дастан Сәтпаев «Челсидің» жаңа ойыншысын артта қалдырды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Миллиондар бәрін шешпей ме? Жас Сәтпаев «Челсидің» жаңа ойыншысынан көрсеткіш жағынан озды
ФОТО: Қайрат ФК

Қазақ футболының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев тек Қазақстан Премьер-лигасында ғана емес, халықаралық статистикада да сенсация жасауды жалғастыруда. All For Football Talks дерегінше, «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы 2025 жылғы маусымда «гол+пас» жүйесі бойынша 19 нәтижелі әрекетке қатысып үлгерген. Бұл көрсеткіш - атақты «Челсидің» жаңа ойыншысы, 18 жастағы бразилиялық Эстеван Виллианнан да жоғары. Эстеванда - 17 ұпай, ал оны ағылшын алпауыты 30 миллион еуроға «Палмейрастан» сатып алды.

Аса ірі трансфер аясында «Қайрат» сапында өнер көрсетіп жүрген қарапайым қазақстандық жасөспірімнің жетістігі футбол қауымдастығын таңғалдыруда. Сәтпаев - қазіргі футбол стереотиптерін бұзып, жаңа дәуірдің жаршысы іспетті.

Маусымның ең әсерлі сәттерінің бірі - оның УЕФА Чемпиондар лигасына іріктек кезеңіндегі «КуПС»-ке қарсы соққан голы болды. Бұрыштамадан кейін алыстан тепкен керемет голы үшін УЕФА-ның ресми парақшасы жас шабуылшыны атап өтті. Бұл - Дастанның халықаралық аренада да жарқырауға дайын екенін көрсетті.

Ең қызығы - 2026 жылдың жазында Дастанның өзі де Лондонға аттанады. Себебі дәл осы «Челси» қазақстандық дарынмен келісімшартқа отырып қойды. Әлемдік аренада аты шыққан жастарды артта қалдырып, Дастан Сәтпаев Еуропаға шықпай тұрып-ақ өз замандастарынан озық екенін дәлелдеуде.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie