locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Миллиардтар бөлінген турнир. ФИФА 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады

Футбол 26 нау 2025 09:05
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Миллиардтар бөлінген турнир. ФИФА 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады
ФОТО: Getty images

ФИФА 2025 жылы АҚШ-та өтетін Клубтар арасындағы әлем чемпионатының қаржылық мәліметтерін жария етті.

Алғаш рет 32 команда қатысатын бұл турнир футбол тарихындағы ең ауқымды коммерциялық жобалардың біріне айналмақ.

Жалпы жүлде қоры 1 миллиард еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 125 миллион долларға дейін табыс табуы мүмкін. Қатысушы клубтарға турнирге қатысқаны үшін кепілдік төлемдер беріледі, ал жеңістер, плей-офф кезеңіне шығу және финалдағы орындар үшін бөлек сыйақылар қарастырылған. БАҚ мәліметінше, шамамен 400 миллион долларға қатысу жарнасы ретінде, ал 368 миллион фунт турнир нәтижелері үшін бөлінеді.

Турнирден түскен табыс 250 миллион доллар болады деп күтілуде. Бұл қаражат жаһандық деңгейде клубтық футболды қолдауға бағытталады.

2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтеді. Жарысқа алты конфедерациядан 32 клуб қатысады. Былтыр желтоқсанда жеребе тартылып, 8 топқа 4 командадан бөлінді. Кейін ФИФА Мексиканың «Леон» клубын турнирден шеттеткен болатын. Себебі оның иесі «Пачука» клубының да иесі болып саналады — бұл ереже бұзу деп танылды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie