locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Милич Чурчич: Мықты командаларға қарсы лайықты ойын көрсетіп жүрміз – футболшыларымның еңбегіне ризамын

«Қызылжар» бас бапкері «Астанамен» өткен тартысты тең ойын туралы пікір білдірді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Милич Чурчич: Мықты командаларға қарсы лайықты ойын көрсетіп жүрміз – футболшыларымның еңбегіне ризамын
ФОТО: ФК Қызылжар

«Қызылжар» клубының бас бапкері Милич Чурчич Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Астанамен» өткен нәтижелі кездесуден кейін әсерлерімен бөлісті.

Сол ойында командалар 3:3 есебімен тең тарқасты.

– «Ең алдымен, барша жанкүйерлерді керемет ойынмен құттықтағым келеді. «Астана» – тәжірибелі әрі мықты қарсылас. Олар Еурокубок ойындарына дайындалып жатыр. Сол себепті оларға да, басқа да қазақстандық командаларға халықаралық ареналарда сәттілік тілеймін», – деді Чурчич.

– Сонымен қатар, өз футболшыларыма алғыс айтқым келеді. Олар күн сайын бар күшін салып жаттығып жүр. Бұл – біз үшін соңғы жеті күндегі үшінші ойын. Құрамда жарақаттар да бар, физикалық жағынан да қиындықтар туындап жатыр. Соған қарамастан, біз беделді қарсыластармен жақсы ойнап жүрміз. Сол үшін жігіттеріме ерекше алғысымды білдіремін», – деп қосты ол.

Айта кетейік, елордада өткен матч нағыз тартысты ойынға айналып, 3:3 есебімен аяқталды. Осы турдан кейін 15 ойында 34 ұпай жинаған «Астана» турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен сегізінші орында.

Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында «Қызылжар» 5 шілде күні «Ордабасыға» қарсы алаңға шығады. 6 шілде күні «Астана» «Жетісумен» ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie