«Милан» көшбасшыларының бірінен ұзақ уақытқа айырылды
«Милан» өз құрамындағы негізгі ойыншыларының бірі — Адриен Рабьодан жарақатына байланысты уақытша айырылды. Жартылай қорғаушы Франция ұлттық құрамасының сапында жүргенде жарақат алды.
Николо Скираның хабарлауынша, Рабьо ұлттық құрама сапындағы ойындары кезінде шағымданған сол аяғындағы сирақ бұлшықетіне байланысты МРТ-дан өтті. Тексеру барысында камбалатәрізді бұлшықеттің зақымданғаны анықталды.
Футболшы шамамен он күннен кейін қайта тексеруден өтеді. Франция құрамасының жартылай қорғаушысы кемінде бір ай алаңға шыға алмайды деп күтілуде.
Биылғы маусымда француз жартылай қорғаушысы «россонерилер» сапында барлық турнирде алты матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, бұған дейін Рабьо «Милан» – «Комо» матчының Австралияда өтуіне қатысты сын айтқан болатын.