Микель Артета маңызды Чемпиондар лигасының матчі алдында баспасөз мәслихатын өткізді
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің үшінші турындағы «Арсенал» – «Атлетико» матчының қарсаңында ағылшын командасының бас бапкері Микель Артета баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөзбен әңгіме барысында испаниялық маман өзінің үлгі тұтатын бапкерін атады, ол – «матрасниктердің» басшысы Диего Симеоне.
«Бұл адам – мен үлгі алатын әрі тәжірибе жинайтын тұлға екені анық. Мен үшін жеке қандай қасиетін бөліп айтар едім? Оның құштарлығы. Бір клубта, бір ойыншылармен қаншама жыл жұмыс істеп жүрсе де, ол сол жігерін, энергиясын беруді және жеңіске жету қабілетін сақтап отыр».
Артета олардың жеке таныс емес екенін атап өтті:
«Мен оны жеке білмеймін, бірақ ол туралы тек жағымды пікірлер естідім».
«Арсенал» - «Атлетико» матчы 21 қазанда өтеді.