locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мұхаммеджан Сейсен Лига Кубогінде бірде бір гол өткізген жоқ

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Мұхаммеджан Сейсен Лига Кубогінде бірде бір гол өткізген жоқ
ФОТО: Prosport.kz

“Астананың” голкипері Мұхаммеджан Сейсен 2024 жылғы Лига кубогында “көк-сарылар” сапында 3 матч өткізіп, қақпасын таза ұстап қала алды. Бұл кездесулер барысында қақпашы 15 рет қақпаны сақтап қалған болатын.

Турнирдің жартылай финалында Семейдің “Елимайына” қарсы қарымта кездесуде (0:0) Сейсен пенальти сериясында 4 голдың 1-еуін ғана өткізгенін де айта кетейік. Және жақында “Астананың” қақпашысы Конференция лигасында аптаның үздіктер құрамасына енді. Кипрлік “Пафоспен” (1:0) кездесуде 13 сейв жасады. Қазіргі уақытта ол Transfermarkt нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең қымбат қақпашы болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы футболшының келісімі осы жылдың соңына дейін жарамды. Бірақ қақпашының тамаша ойынын ескере отырып, елордалық клуб жақын арада келісімшартты созатынына сене берсек болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie