locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мессидің рекордтық ассисті және Алленденің шоуы: «Интер Майами» финалға шықты

Аргентиналық жұлдыз рекордтық ассист жасап, «қоқиқаздар» қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, МЛС финалына өтті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Мессидің рекордтық ассисті және Алленденің шоуы: «Интер Майами» финалға шықты
ФОТО: ФК Интер Майами

30 қарашада Форт-Лодердейлдегі «Чейз Стэдиум» аренасында МЛС плей-оффының жартылай финалдық кездесуі өтті, онда «Интер Майами» «Нью-Йорк Сити» командасына еш мүмкіндік қалдырмады.

Лионель Месси бастаған ұжым нағыз голдық феерия ұйымдастырып, қонақтарды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

Кездесудің басты кейіпкері аргентиналық вингер Тадео Алленде атанды — ол хет-трик жасап, ойын тағдырын біржола шешіп берді. Жеңіске тағы Матео Сильветти мен Теласко Сеговия үлес қосты – әрқайсысы бір-бір гол соқты. Лионель Месси бұл матчта өзі үшін рекордтық голдық паспен көзге түссе, Жорди Альба да бір нәтижелі пас берді.

АҚШ. МЛС. Плей-офф – ½

«Интер Майами» - «Нью-Йорк Сити» - 5:1

Голдар: 14, 23, 89 – Алленде; 67 – Сильветти; 83 – Сеговия.

Бұл жеңіс «Интер Майамиге» финалға жолдама сыйлады, ал шешуші ойында команда «Сан-Диего» мен «Ванкувер Уайткэпс» арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie