Месси үздіктер қатарында. WhoScored КӘЧ-2025 топтық кезеңінің символикалық құрамасын жариялады
2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионаты 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтуде. Турнирдің топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне жолдама алған 16 үздік клуб анықталды. Финалдық жүлде үшін Еуропа, Оңтүстік Америка, Мексика, АҚШ және Сауд Арабиясының өкілдері өзара бақ сынауды жалғастырады.
Атақты статистикалық портал WhoScored топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік ойыншылардан құралған символикалық құрамды ұсынды. Оған әлемнің сегіз түрлі клубынан футболшылар енді. Ең жоғары орташа бағаны — 8.37 балл — мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Майкл Олисе жинады.
КӘЧ-2025 топтық кезеңінің символикалық құрамасы (WhoScored нұсқасы бойынша):
Қақпашы:
• Яссин Буну («Әл-Хиләл») — 7.58
Қорғаушылар:
• Серхио Рамос («Монтеррей») — 7.64
• Николас Отаменди («Бенфика») — 7.97
• Адольфо Барбоса («Ботафого») — 7.81
Жартылай қорғаушылар:
• Майкл Олисе («Бавария») — 8.37
• Рубен Невеш («Әл-Хиләл») — 7.55
• Кенан Юлдыз («Ювентус») — 7.91
• Хвича Кварацхелия («ПСЖ») — 7.60
Шабуылшылар:
• Лионель Месси («Интер Майами») — 7.80
• Луис Суарес («Интер Майами») — 7.56
• Гонсало Гарсия («Реал») — 7.74
Плей-офф кезеңі 28 маусымда басталады. 1/8 финалдағы алғашқы матчта бразилиялық екі клуб - «Палмейрас» пен «Ботафого» алаңға шығады. Кездесу Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады.
