locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси «Порту» командасымен ойындағы жеңістен кейін әсерлі пікір білдірді

«Интер Майамидің» капитаны ұжымдық еңбекті жоғары бағалап, бұл жеңістің маңызын атап өтті
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Месси «Порту» командасымен ойындағы жеңістен кейін әсерлі пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси клубтық әлем чемпионаты – 2025 аясында өткен «Портуға» қарсы ойында (2:1) жеңіске жеткеннен кейін журналистерге пікір білдірді.

«Үлкен қуаныш, команданың зор еңбегі. Біз өте жақсы ойнадық – тек қорғанып қана қоймай, бірінші таймда, есеп 1:1 болғанға дейін, допты жақсы бақылауда ұстадық. Шын мәнінде, бақыттымын, өйткені алғашқы матчтан кейін ащы дәм қалған еді. Сол ойында біз жеңіске де, жеңіліске де жете алатынымызды сезіндік. Ал бүгінгі жеңіс біз үшін өте маңызды, енді осы сәттен ләззат алу керек», – деді Месси Ole басылымына берген сұхбатында.

Екі турдан кейін «Интер Майами» А тобында төрт ұпаймен екінші орында тұр. Ал «Порту» бір ұпай жинап, үшінші орынға жайғасты.

Мессидің суперголымен камбэк. «Интер Майами» «Портуды» маңызды ойында жеңіп шықты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie