Месси мен Роналдудан жылдам. Холанд мансабындағы 250-ші голын соқты
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бүгін Премьер-Лиганың “Арсенал” мен “Сити” арасындағы ойынында (5:1) “қалалықтар” шабуылшысы Эрлинг Холанд мансабындағы 250-ші голын соқты.
24 жастағы шабуылшы қазірдің өзінде әлемдегі ең үздік бомбардирлердің бірі. Англияда болған уақытында ол екі рет “алтын бутсы” иеленген. Холандтың гол соғу жиілігі оның бар болғаны 314 матчта 250 голға жеткенін көрсетті.
Бұл нәтиже Лионель Месси мен Криштиану Роналдудан жақсырақ. Бұл көрсеткішке жету үшін аргентиналыққа 327 матч қажет болса, португалдық шабуылшы 451 матчта 250 гол соққан.