Месси мен командасы жүлдесіз қалды: «Сиэтл» «Интер Майамиді» 3:0 есебімен талқандады
31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Сиэтлдегі Lumen Field аренасында Кубок лигасының финалдық матчы өтті.
Бұл ойында «Сиэтл Саундерс» пен «Интер Майами» кездесті. Өз алаңындағы жанкүйерлердің қолдауына сүйенген «Сиэтл» жарқын әрі сенімді ойын көрсетіп, 3:0 есебімен тарихи жеңіске жетіп, алғаш рет трофейді иеленді.
Алғашқы голды 26-шы минутта Осаз Де Розарио соқты. Екінші таймда америкалық команданың басымдығын қорғаушы Алекс Рольдан нығайтып, пенальтиден гол енгізді. 89-шы минутта Пол Ротрок есепті түбегейлі бекітіп, ойынды ірі жеңіспен аяқтады.
«Интердің» жұлдызды шабуылшылары Лионель Месси мен Луис Суарес бұл кездесуде көзге түсе алмады.
Лига кубогы. Плей-офф. Финал
«Сиэтл Саундерс» – «Интер Майами» – 3:0
Голы: 26, Де Розарио, 82, Рольдан, 89, Ротрок
Қола жүлде үшін өткен ойында «Лос-Анджелес Гэлакси» «Орландо Ситиді» 2:1 есебімен ұтты.
Еске сала кетейік, Кубок лигасы 2019 жылдан бері MLS (АҚШ пен Канада) және Мексиканың Лига MX клубтары арасында жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен маусымда турнир жеңімпазы «Коламбус Крю» болған еді.