Месси гол соқты, бірақ «Интер Майами» жеңіліп қалды – «Нэшвиллмен» серия шиеленісе түсті
Нэшвиллдегі «GEODIS Park» стадионында MLS плей-оффының бірінші кезеңіндегі «Нэшвилл» мен «Интер Майами» арасындағы екінші матч өтті.
Тартысты кездесуде алаң иелері реванш алып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Нэшвилл» сапынан Сэм Сарридж бен Джош Бауэр гол соқты, ал қонақтардан жалғыз допты Лионель Месси өз еншісіне жазып, шешуші матчтарда нәтижелілігін тағы бір дәлелдеді.
Серияның алғашқы ойынында «Интер Майами» 3:1 есебімен басым түскен еді, енді келесі кезеңге кім өтетіні 8 қарашада өтетін үшінші матчта анықталады.
АҚШ. MLS – Плей-офф – 1/8
«Нэшвилл» – «Интер Майами» – 2:1
Голдар: 9' Сарридж, 45' Бауэр, 90' Месси
Тұрақты маусымда «Интер Майами» Шығыс конференциясында 65 ұпаймен үшінші орын алды, ал «Нэшвилл» 54 ұпаймен алтыншы сатыда аяқтады. MLS-тің қазіргі чемпионы – «Лос-Анджелес Гэлакси», олар финалда «Нью-Йорк Ред Буллз» командасын 2:1 есебімен ұтқан болатын.