Месси бәрін артта қалдырды: аргентиналық жұлдыз тағы несімен таңғалдырды?
Месси– Оңтүстік Америка іріктеуінің үздік сұрмергені атанды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
«Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси өзінің ғажайып жолын жалғастыруда. 38 жастағы жұлдыз 2026 жылғы әлем чемпионатының Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңін ең көп гол соққан ойыншы ретінде аяқтады.
Эквадормен өткен соңғы ойынды (0:1) өткізіп алғанына қарамастан, Мессидің көшбасшылығы шайқалған жоқ. Сегіз дүркін «Алтын доп» иегерінің қоржынында – сегіз гол. Оның екеуін ол Венесуэла қақпасына соғып, командасына 3:0 есебімен жеңіс сыйлаған болатын.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Аргентина 38 ұпай жинап, бірінші орынды сақтап қалды және 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.