locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси Аргентина құрамасында соңғы матчын өткізді

Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси ұлттық команда сапындағы соңғы отандық ойынында дубль авторы атанды.

Месси Венесуэла қақпасына екі гол соқты: алғашқысы 39-минутта, екіншісі 80-минутта. Бұл голдар оның ұлттық құрамадағы 113-ші және 114-ші голдары болды.

Лионель толық матч өткізіп, кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Месси Венесуэлаға қарсы ойын өз еліндегі соңғы ресми матчы болғанын растады.

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі. Оңтүстік Америка. 17-тур

Аргентина – Венесуэла – 3:0 (1:0)

Голдар: Месси, 39 (1:0). Лаутаро, 76 (2:0). Месси, 80 (3:0).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie