locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мерино мен Сака гол соқты. «Арсенал» АПЛ-де «Брентфордтан» басым түсті

Микель Артетаның командасы Премьер-лигадағы көшбасшылығын нығайтты
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Мериноның голы жеткілікті болды. «Арсенал» АПЛ-де «Брентфордтан» мықтырақ шықты
ФОТО: Getty Images

3-нен 4 желтоқсанға қараған түні «Арсенал» өз алаңында, «Эмирейтс стэдиумда» «Брентфордты» қабылдады. Бұл кездесуде командалар Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында бақ сынады.

Ойынның көп бөлігі «канонирлердің» айқын басымдығымен өтті. 11-минутта алаң иелері есеп ашты: Микель Мерино Бен Уайттың айып алаңына асырған добын баспен қақпаға дәл бағыттады.

Микель Артетаның шәкірттері бірінші таймда есепті ұлғайтуға бірнеше мүмкіндік тапты, бірақ гол соға алмады.

Екінші таймның басы аса қауіпті сәттерсіз өтті, алайда екінші 45 минуттықтың ортасынан бастап алаң иелері «аралардың» қақпасына айтарлықтай қауіп төндіре бастады және екінші голға әлдеқайда жақынырақ болды. Ақыры солай болды: ойынға нүктені Букайо Сака қойды.

Дегенмен, бұл кеште Артета үшін көңілге кірбің түсіретін жайттар да болды. Бұған дейін жарақат алған Габриэл Магальяйс пен Уильям Салиба қатарына Кристиан Москера қосылды – ол «Брентфордпен» ойында жарақатына байланысты алаңды ерте тастауға мәжбүр болды. Сондай-ақ, команда көшбасшысы Деклан Райс та ақсаңдап алаңнан кетті.

«Арсенал» 33 ұпай жинап, «Манчестер Ситиден» бес ұпайға алға шықты. Ал «Брентфорд» 13-орында қалды.

АПЛ, 14-тур

«Арсенал» – «Брентфорд» – 2:0

Голдар: Мерино, 11, Сака, 90+1

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie