locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен таңғалдым»: Слот алғаш рет Салахтың мәлімдемелеріне көпшілік алдында пікір білдірді

Олардың арасындағы қарым-қатынастың бұзылғанын жоққа шығарады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Мен таңғалдым»: Слот алғаш рет Салахтың мәлімдемелеріне көпшілік алдында пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Бүкіл футбол әлемі қазір «Ливерпульдегі» Арне Слот пен Мұхаммед Салах арасындағы жанжалға назар аударып отыр. Нидерландиялық бапкер шәкірті айтқан сөздерге қатысты алғаш рет пікірін ашық білдірді.

Слот бұл жағдай олардың қарым-қатынасына айтарлықтай әсер етті деп санамайды, дегенмен Салахтың сөздері оны таңғалдырған.

«Салахтың "автобустың астына тастады" деген сөздері тікелей маған қатысты ма? Білмеймін. Мұны Моның өзінен сұрау керек. Бірақ сол сәттен бері біз сөйлескен жоқпыз. Біз оған тек команданың құрамында болмайтынын хабарладық — Моға тікелей айтқанымыз осы ғана. Сондықтан оның сол сөздерін ести отырып, шынымен таңғалдым.

Ол өзін кәсіби түрде көрсетті, барлық қызметкерлерге, командаластарына және бізге үлкен құрметпен қарады, әрі жаттығуда барын салды. Сондықтан бұл сөздерді одан естігеніме таң қалдым, бірақ футболда алаңға шықпаған ойыншылардың көңілі толмайтын сәттері болып тұрады. Менің реакциям өте анық болды, сондықтан бүгін ол бізбен бірге жоқ», – деді Слот.

Миланға «Интерге» қарсы Чемпиондар лигасының матчы үшін «Ливерпуль» Салахсыз аттанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie