\"Мен оның қайтып келетініне сенімдімін\". Тебас Мессидің Барселонаға оралуы туралы
Ла лига президенті Хавьер Тебас Лионель Мессидің "Барселонаға" оралуы мүмкіндігі туралы пікірін білдірді.
Лига басшысының айтуынша, клубқа жиырма жылға жуық мансабын берген аргентиналық өзі қайтадан Каталония құрамасының мүшесі болғысы келеді.
“Мен Мессидің "Барселонаға” оралатынына сенімдімін. Бұл оның ойыншы ретінде болуы мүмкін, бірақ мен оның клубта басқа рөл атқаруы мүмкін екенін жоққа шығармаймын", – деп Тебастың сөзін Give Me Sport келтірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың жазында "Алтын доптың" сегіз дүркін иегері "Интер Майамиге" ауысып, 2025 жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырды. Transfermarkt мәліметтері бойынша оның нарықтық құны қазір €20 млн.
Сондай-ақ оқыңыз: Месси мен Неймар арасындағы ойын жақындап қалды. Ескі достардың кездесуі наурыз айында өтуі мүмкін