«Мен көп құрбандық жасадым»: Месси табысқа жету үшін тек талант жеткіліксіз екенін айтты
Лионель Месси қазіргі заманның ең дарынды футболшыларының бірі ретінде мойындалған, ол көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Алайда аңызға айналған аргентиналық футболшы бұл жеңістердің жайдан-жай келмегенін айтты.
Месси бала кезінен-ақ туа біткен дарыны болғанын мойындады, бірақ табысқа жету үшін тек сол жеткіліксіз екенін, биікке көтерілу үшін қажырлы еңбек ету қажет екенін атап өтті.
«Мен әрдайым айтатынмын: Құдай маған осы дарынын сыйлады, мені таңдады. Мен кішкентай кезімнен осындай болдым. Бұл менде бар еді. Бірақ осы жолда мен көп құрбандық жасадым, бүкіл дарынымды нығайту үшін көп күш жұмсадым. Әлемнің түкпір-түкпірінде керемет таланттар бар, бірақ кәсіби деңгейге жету үшін үлкен құрбандық керек», - деді Месси.
Алайда аңызға айналған аргентиналық футболшы Жаратқанның көмегін де жоққа шығармайды.
«Мен бәрін жасадым, бірақ ең маңыздысын бергені үшін Құдайға алғыс айтамын».
Бұған дейін «Барселона» клубының вице-президенті Елена Форт «Камп Ноу» стадионын Мессидің құрметіне қайта атау мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді.