locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мен бұл елді орыс тілді деп ойладым». Черчесов Қазақстандағы тіл мәселесіне байланысты пікірін айтты

Черчесов Қазақстандағы тілдік дауға қатысты пікір білдірді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Мен бұл елді орыс тілді деп ойладым». Черчесов Қазақстандағы тіл мәселесіне байланысты пікірін айтты
ФОТО: KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов өз жұмысы кезеңінде қоғамда үлкен резонанс тудырған тіл мәселесі жөнінде алғаш рет кеңірек тоқталды. Маманның айтуынша, дау-дамайдың түп-төркіні өзара түсініспеушіліктен басталған.

Черчесов Қазақстанға келгенде орыс тілді ортада жұмыс істеймін деп есептегенін жасырмады. Ол мұндай тәжірибенің өзіне бұрыннан таныс екенін атап өтті.

«Мен орыс тілді елде жұмыс істеймін деп ойладым. Солай болады деп жоспарладым. Алайда, іс жүзінде кейбір нюанстар бар екен», – деді ол Асланбек Бадаевтың YouTube-арнасына берген сұқбатында..

Бапкер тіл тақырыбының өзі үшін бөтен еместігін де атап өтті. Оның айтуынша, өзі осетин ұлтының өкілі ретінде ана тілінің, мәдени болмыстың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

«Мен сұқбат кезінде орыс тілінде сөйлестім, ал маған қазақ тілінде сұрақ қойылды. Сол сәтте аудармашы болады деп күттім. Мұны ешқандай жаман ниетпен жасаған жоқпын. Немесе мені дұрыс түсінбеді, немесе мен ойымды жеткізе алмадым», – деп түсіндірді Черчесов.

Маманның мойындауынша, дәл осы жағдай кейін үлкен дауға ұласқан. Еске салайық, Словениямен өткен матчтан кейін Черчесов қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап беру барысында: «Сен қазір француз тілінде сөйлеп тұрсың ба?» деген тіркес қолданған еді. Бұл сөз қоғамда қатты сынға ұшырап, кең көлемде талқыланды.

Айта кетейік, бұған дейін Станислав Черчесов Қазақстан құрамасындағы қызметінің сәтсіз аяқталуына да түсініктеме берген болатын. Ол мұны жұмыс жағдайының, күтулер мен орта ерекшеліктерінің сәйкес келмеуімен байланыстырды. Черчесов ұлттық құраманы бір жылға жетпейтін уақыт басқарды және 2025 жылдың басында сәтсіз нәтижелерден кейін қызметінен босатылды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie