Мбаппе Реалдағы Алонсоның алғашқы айларындағы жұмысына баға берді
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе жаңа бас бапкер — Хаби Алонсоның жетекшілігімен жұмысын бастаған алғашқы айлар туралы әсерімен бөлісті.
Футболшыны испандық жаттықтырушының жеңіске деген құлшынысы мен амбициясы таңғалдырғанын атап өтті:
«Ол менде өте жақсы әсер қалдырды. Бұл — жеңіске жетуді қалайтын адам екені көрініп тұр. Ол клубты өте жақсы біледі, өйткені өзі де біздің қатарымызда ойнаған», — деді Килиан AS-қа берген сұхбатында.
Испаниялық маманның жетекшілігімен мадридтік «Реал» Ла Лига мен клубтық әлем чемпионатында тоғыз матч өткізіп үлгерді. Команда жеті жеңіске қол жеткізіп, бір ойында жеңіліп, тағы бір кездесуді тең нәтижемен аяқтады. Испания чемпионатының үш турынан кейін «корольдік клуб» тоғыз ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.
Бұған дейін Мбаппе ұлттық құраманың үздік сұрмергендері тізімінде аңыз ойыншымен екінші орынды бөліскен болатын.