Мбаппе мен Винисиус: «Реалдың» жұлдыздары Ла Лигада бірнеше көрсеткіш бойынша көш бастап тұр
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Ла Лигадағы ағымдағы маусымның үздік сұрмергені атанып отыр. Франциялық жұлдыздың еншісінде тоғыз гол бар.
Мбаппе Испания чемпионатында гол+пас жүйесі бойынша да көш бастап келеді – оның қоржынында 11 ұпай (9+2). Килиан Ла Лигада тағы да бірнеше көрсеткіш бойынша бірінші орында, деп хабарлайды Squawka.
Француз футболшысының еншісінде маусым басынан бері ең көп сәтті дриблинг (27), қақпаға бағытталған соққылар саны (40) және тура қақпаға тиген соққылар (15) бар. Одан кейінгі орында Винисиус – оның 12 тура соққысы бар.
Бразилиялық ойыншы қарсылас айып алаңындағы допқа ең көп жанасу жасаған футболшы (76 рет) және жеңіске жеткен жекпе-жектер саны бойынша екінші орында (45).
«Реалдың» тағы бір ойыншысы барлық топ-лига футболшылары арасында ең көп қауіпті сәт тудырған футболшы атанды.