Мбаппе Альварес пен Левандовскийге қарсы: осы маусымдағы Ла Лиганың ең үздік сұрмергені кім?
Ла Лиганың осы маусымында кім ең көп гол соғып жүр – белгілі болды
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының 14-турындағы «Жиронаға» қарсы ойында (1:1) гол соқты. Бұл француз форвард үшін осы маусымдағы Ла Лиганың 14-ші добы болды.
Мбаппе қазіргі уақытта Испания чемпионатының бас сұрмергені болып отыр. Оған ең жақын қарсыластары – «Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовский мен «Мальорканың» форварды Ведат Мурики, олардың есепшотында сегіз голдан бар.
Жеті голдан «Барселонадан» Ферран Торрес пен «Атлетиконың» Хулиан Альваресі соққан. Алты гол «Леванте» шабуылшысы Карл Этта Эйонгтың еншісінде.
Мбаппенің тырысуына қарамастан, «Реал» турнирлік кестеде Ла Лигадағы көшбасшылықты жіберіп алды.