Мбаппе Алматыда ойнай ма? «Қайрат» пен «Реалдың» бастапқы құрамдары белгілі болды
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында Мадридтің «Реалын» қабылдайды.
Хаби Алонсо «бланкостың» бастапқы құрамын жариялады. Айта кету керек, алғашқы минуттардан алаңға Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор секілді жұлдыздар шығады. Рафаэль Уразбахтин де өз таңдауын жасады.
«Реалдың» бастапқы құрамы: Куртуа, Асенсио, Хейсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе
«Қайраттың» бастапқы құрамы: Калмурза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луиш Мата, Мрынский, Касабулат, Арад, Громыко, Жоржиньо, Сатпаев

«Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйекте Астана уақытымен 21:45-те басталады. Тарихи кездесудің тікелей трансляциясын осы жерден көре аласыз.
Чемпиондар лигасының осы маусымында қазақстандық клубтың қарсыластары – «Пафос», «Интер», «Копенгаген», «Олимпиакос», «Брюгге» және «Арсенал» болады.