locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Маскерано: Біз Еуропаның ең мықты клубымен кездесеміз

«Интер Майами» бапкері «ПСЖ»-мен болатын ойынға пікір білдірді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Маскерано: Біз Еуропаның ең мықты клубымен кездесеміз
ФОТО: Getty Images

АҚШ-тың «Интер Майами» клубының бас бапкері Хавьер Маскерано клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалында француздық «ПСЖ»-ге қарсы өтетін матчқа байланысты ойын айтты. Америкалық ұжым A тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

«Біз, бәлкім, Еуропадағы ең мықты командамен ойнайтынымызды білеміз. Бұл – қиын матч болады. Бірақ біз барымызды саламыз. Өз шеберлігімізді көрсетіп, осы жарыста лайықты екенімізді дәлелдегіміз келеді», – деді Маскерано FIFA ресми сайтына берген сұхбатында.

Қазіргі таңда плей-офф кезеңіне Бразилиядан «Фламенго», «Палмейрас» және «Ботафого», ал Еуропадан «Бавария» (Германия), ПСЖ (Франция), «Манчестер Сити» (Англия), «Ювентус» (Италия) және «Интер Майами» (АҚШ) жолдама алды.

«Интер Майами» – «ПСЖ» және бразилиялық дерби: клубтық ӘЧ 1/8 финалының алғашқы жұптары белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie